Алтын үшін өзен арнасын бұрған: ШҚО-да шенеуніктер заңсыз кен өндірген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтын үшін өзен арнасын бұрған: ШҚО-да шенеуніктер заңсыз кен өндірген Midjourney

ШҚО-да Ұлан ауданы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану дерегі бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да Ұлан ауданы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану дерегі бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ директорының орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірге кен орнын заңсыз игеру жұмыстарын ұйымдастырғаны анықталды. Осы мақсатта олар өз бақылауындағы EastGoldStone ЖШС-ны пайдаланған.

ҚМА мәліметінше, олар екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасын өзгертіп, алтын өндірген. Заңсыз әрекеттер салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал көлмеі 300 млн теңгеден асты.

"Тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 келі алтын, 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражат сот санкциясымен бұғатталды. Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді ҚМА өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети