Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алтынбекова EXPO-2017 көрмесіне қызығушылықты арттырады

09 Қыркүйек 2014, 16:04
0
Сабина Алтынбекова. ©Роза Есенқұлова
Сабина Алтынбекова. ©Роза Есенқұлова

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбековамен жұмыс істеу жастардың EXPO-2017-ге деген қызығушылығын арттырады, бұл туралы "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында Сабина Алтынбекова өзінің сұхбатында "EXPO-2017 аруы" сұлулық байқауын өткізгісі келетінін айтқан болатын.

"Біз Қазақстан жастарының Сабина Алтынбекова сияқты жарқын өкілдерінің EXPO-2017-ге қызығушылық танытқанына қуаныштымыз. Қазір көрмеге дайындық кезеңінде ұлттық компания ел бойынша жастарды, студенттер мен мектеп оқушыларын тартып түрлі шаралар өткізіп жатыр. 2017 жылы көрме барысының өзінде біз 3000-ға жуық думан өткізуді жоспарлап отырмыз, олар бірінші кезекте жас ұрпақтың көңілінен шығады. Сабина жастар арасында өте танымал, егер оның қызметі EXPO-мен байланысты болса, бұл көрменің дайындық кезеңінің өзінде-ақ оған жастардың назарын аударуға мүмкіндік берер еді", - деді Айгүл Мүкей.

Сабина Алтынбекова - Қытайда өзінің мультфильм кейіпкеріне ұқсас келбетімен танымал болған қазақстандық волейболшы. Ол "EXPO-2017 аруы" байқауын жариялауды ұсынды, оған кез келген қыз бала қатыса алады, ал қазылар алқасы олардың арасынан финалға 25 аруды іріктейді. Жеңімпазға халықаралық көрме кезінде Қазақстанды әлемге таныту құқығы беріледі. Сабина 17 жаста, ол волейболдан Қазақстанның жастар құрамасында ойнайды. Ол өзінің бойымен (182 см) және келбетімен Қытай жанкүйерлерінің жүрегін жаулады. Сұлу волейболшы туралы әлемнің ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Бүгінде оның Instagram-дағы аккаунтына 300 мыңнан астам оқырман тіркелген. Алтынбековаға модель бизнесінен, брендтерден ұсыныстар жиі түсіп тұрады, бірақ ол актриса не модель болудан бас тартып, білім алу мен жаттығуға ден қоятынын айтты. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай