Алтынкөлде құтқарушы ер адамға көмектеспек болып қаза тапты

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтынкөлде құтқарушы ер адамға көмектеспек болып қаза тапты Фото: instagram.com/112jetisu

Жетісу облысында ТЖД қызметкері құтқару операциясы кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Жетісу облысында ТЖД қызметкері құтқару операциясы кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Не болды?

Жетісу облысы ТЖД мәліметінше, 7 наурызда Алтынкөл көлінде мұз жарылған. Бөлінген мұздың үстінде балықшы қалып қойып, көлдің ортасына қарай ағып кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар барды.

"Құтқару операциясы барысында мұз тағы жарылып, салдарынан Панфилов ауданы ТЖ бөлімі №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов қаза тапты", - деп хабарлады ведомство.

Тергеу жүргізіліп жатыр

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Астанада өткен брифинг барысында бұл қайғылы оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Себептерін біздің қызметкерлер анықтайды, содан кейін қандай да бір заңбұзушылық болған-болмағаны белгілі болады. Ол мұздың үстімен барып адамды құтқармақ болған, мұз сынып кеткен. Өкінішке қарай, зардап шеккен адам да суға батып кетті", - деді ол.

Сондай-ақ Тұрсынбаев қаза тапқан қызметкердің отбасына заңнамаға сәйкес көмек көрсетілетінін айтты.

Қызметкер туралы не белгілі?

Дамир Таранов 1994 жылы туған. Ол азаматтық қорғау жүйесіндегі еңбек жолын 2012 жылы бастап, Көкшетау техникалық институтына оқуға түскен. 2016 жылдан бастап өртке қарсы қызмет органдарында қызмет атқарып, Панфилов ауданы мен Қапшағайдың (қазіргі Қонаев) өрт сөндіру бөлімдерінде жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.

"Соңғы жылдары ол Жетісу облысы Панфилов ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімінде қызмет етті, онда өзін тәжірибелі маман және әріптестері құрметтейтін сауатты басшы ретінде көрсетті. Ол антқа адал болып, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жолында қызметтік борышын соңына дейін атқарды", - делінген ведомство хабарламасында.

Дамир Тарановтың артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.62  course up  568.98  course up  6.19  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети