Амал не, жемқорлық жойылар емес - Сұлтанов Мелдебековтің ұсталуы жайлы

?Р ?аржы министрі Ба?ыт С?лтанов Астананы? Ішкі мемлекеттік аудит департаментіні? басшысыны? ?сталуына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Астананың Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеуге қатысты ештеңе айта алмаймын, бірақ министрліктің жұмысы жайлы айтатын болсақ, біздің қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар басымырақ. Амал не, жемқорлық әлі де жойылар емес", - деді Бақыт Сұлтанов есеп беру барысында.

Сондай-ақ, ол департаментте қызметтік тексерістердің жүргізілетінін айтты.

Реклама
Реклама

"Қызметтік тексерістер жүргізіледі, біздің басқа өңірлік бөлімшелерімізде осындай жағдайлар қайталанбас үшін кеткен қателіктерді іздейміз. Қажетті қызметтік тергеу жүргізіледі, осы департаменттің немен айналысып келгені сарапталады", - деді министр.

Еске сала кетейік, 24 маусымда Астананың Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Мелдебеков ұсталған болатын. Күдікті жүйелі түрде пара алып тұру үшін мемлекеттік аудиторлар - Д.Е. Апеисова мен Ш.А.Шамилдан тұратын қылмыстық топ құрған. Тінту жұмыстары барысында Мелдебеков тұратын үйдегі қызметтік кабинеттен 54 миллион теңге мен 120 мың доллар тәркіленген болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама