24 маусым 2017 12:40

Астананың Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астананың Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері өңірлік мемлекеттік кәсіпорынның өкілінен кезекті рет 3 миллион теңге пара алып жатқан Астананың Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы А.А. Мелдебековті ұстады", - деп хабарлады Ұлттық бюродағылар.

Күдікті жүйелі түрде пара алып тұру үшін мемлекеттік аудиторлар - Д.Е. Апеисова мен Ш.А.Шамилдан тұратын қылмыстық топ құрған.

Тінту жұмыстары барысында Мелдебеков тұратын үйдегі қызметтік кабинеттен 54 миллион теңге мен 120 мың доллар тәркіленді.

Мелдебеков Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Д.Е. Апеисова мен Ш.А. Шамил кінәсін толықтай мойындағандықтан және кішкентай балалары болуы байланысты қамауға алынған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети