Аман қалып, аяққа тұрып, дамып жатырмыз - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аман қалып, аяққа тұрып, дамып жатырмыз - Назарбаев © Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концертті тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концертті тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының өкілдері өздерінің ұлттық дәстүрін көрсетіп, ән айтып, би билеп қарсы алды.

Елбасы барша қазақстандықтарды және шараға қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

"Баршаңызды ортақ мейрамымыз - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Бірліктің арқасында біз тәуелсіз мемлекет бола білдік. Біздің бірлігімізді барлық ұлыстар дәріптеп отыр. Бізге әлемнің түкпір-түкпірінен көпұлтты мемлекетті қалай құру керек екенін үйрену үшін келеді", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміз айтулы жетістіктерге көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен достығының арқасында қол жеткізгенін атап өтті.

"Бірлігіміздің арқасында біз озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі жауапкершілікті алдық. Халқымыздың береке-бірлігінің арқасында мен әрбір қазақстандықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған "Президенттің бес әлеуметтік бастамасын" жария еттім", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті барша жұртты мерекемен құттықтап, өскелең ұрпаққа жарқын болашақ және әр отбасыға бақ-береке мен амандық тіледі.

"Біз еліміздегі барлық мәдениет өкілдерінің, барлық тілдер мен дәстүрдің өркендеп келе жатқанын көріп отырмыз. Біз біртұтас халықпыз, бір-бірімізді құрметтеп, ортақ Конституция мен заңдарға бағынамыз. Бір-бірімізді құрметтеп, достық қарым-қатынаста болу - зор бақыт. Осы бірлігімізді сақтап, бақытымыздың қадірін білейік! Тоталитарлық режимде мынадай шешім болған: "Қүңіренген қазақ даласына барлық ұлттарды жібереміз. Сонда өмір сүріп көрсін немесе құрдымға кетсін". 550 мың солтүстіккавказдықтарды, миллионға жуық немістерді, ұйғырларды, көрейлерді, Балтық маңын елдерін, украиндықтарды - барлығын жіберді. Тұтқындарды бір жерге ұстайтын лагерьлер жайлы айтпай-ақ қояйын. Олар жазықта өмір сүре алмайды деп ойлады. Алайда олай болмай шықты. Жергілікті қазақ халқының аса құрметінің арқасында біз бүгінде аман қалдық, орнымыздан тұрып, мемлекет құрып, дамып жатырмыз. Осыны ұстап қалу керек!", - деді Мемлекет басшысы. ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мерекелік концерт аясында елордалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының, Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Рухани жаңғыру - бірлік пен тұтастық" атты театрландырылған қойылым көрсетілді.

Елордада басқа қандай шаралар өтетіні жайлы мына жерден көріңіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети