Amanat партиясы президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Amanat партиясы президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды Фото:akorda.kz

Amanat партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Amanat партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін табысты республиканың құрылысын бірге бастадық. Барлық жоспарымызды жүзеге асыратын және таңдалған жолдан бас тартпайтын көшбасшымыз бар екені маңызды. Халқымыз үшін ең қиын кезеңде барлық жауапкершілікті өз мойнына алған көшбасшы мемлекеттілікті сақтап, елді аласапыранға ұрындырмады.

Сондықтан бүгінде Amanat партиясының міндеті және сіз бен біздің тарихи жауапкершілігіміз - Президенттің прогрессив реформалары төңірегінде барлық қазақстандықты біріктіру. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамын. Съезд делегаттары мені бірауыздан қолдайды деп ойлаймын", - деді Парламент Мәжілісінің спикері - Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері, партияның саяси кеңесі мүшелері, "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері және т.б. қатысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети