"Аманат" партиясының жаңа логотипі ұсынылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Аманат" партиясының жаңа логотипі ұсынылды Фото:Асхат Оралов/facebook.com

"Аманат" (бұрынғы Nur Otan партиясы) партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның жаңа логотипін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Аманат" (бұрынғы Nur Otan партиясы) партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов партияның жаңа логотипін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Мәжіліс cпикері Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде партияның атын "Аманат" деп өзгертуді ұсынған болатын. Оның айтуынша, елмен бірге партия жаңаруы керек, ұйымның қызметін жаңа мазмұнмен толықтыру үшін оның сипаты мен атауын өзгерту қажет.

Мемлекет басшысы "Аманат" сөзінің мағынасы терең екенін, еліміздің тарихы мен мәдениетінде айрықша символдық мәні бар екенін, бұл өз кезегінде өшпейтін тәуелсіздіктің идеалдарын, қуатты мемлекеттілік пен ортақ ұлттық бірлік құндылықтарын білдіретінін атап өтті.

"Аманат - халқымыздың мәдениетінде айрықша символдық мәні бар терең ұғым, ол ата-бабамыз аманат етіп қалдырған тәуелсіздіктің идеалдарын, қуатты мемлекеттілік пен ортақ ұлттық бірлік құндылықтарын, туған жеріміздің ұлан-ғайыр кеңістігін білдіреді. Біз осы баға жетпес мұраны көздің қарашығындай сақтап, нығайтуымыз керек. Бұл өткен және болашақ ұрпақ арасындағы біздің қасиетті парызымыз", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети