20 наурыз 2019 | 18:57

Аманияз Ержанов индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аманияз Ержанов. © primeminister.kz Аманияз Ержанов. © primeminister.kz

Аманияз Ержанов индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Аманияз Ержанов индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үкімет Қаулысымен Аманияз Ержанов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін, ол қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі болды. Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1982 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, 1987 жылы ВЛКСМ ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1982 жылы Орал облысы Тайпақ ауданы Краснояр совхозында бас инженер-гидротехник болып бастаған.

Әр жылдары премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, көмекшісі, Мемлекеттік Кеден комитеті департаментінің директоры, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия секторының меңгерушісі, Атырау облысы бойынша кеден басқармасының бастығы, ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2007 жылы - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды. 

2007-2012 жылдары - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы. 2012 жылғы ақпаннан бастап 2017 жылғы тамызға дейін - Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылдың тамыз айынан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейін Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2017 жылғы наурыздан бастап - премьер-министр Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети