05 сәуір 2022 18:19

Америкалық беделді журналда Тоқаевтың Қазақстандағы өзгерістер туралы мақаласы жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

АҚШ-тың беделді The National Interest журналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді" (Turbulence Across Eurasia Will Not Slow Kazakhstan’s Progress) атты мақаласы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ-тың беделді The National Interest журналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді" (Turbulence Across Eurasia Will Not Slow Kazakhstan’s Progress) атты мақаласы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мақаласында қасіретті қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеу және өзінің басшылығымен қабылданып жатқан шаралар жөніндегі Қазақстанның жоспары туралы айтады. Бұл шаралар демократиялық өзгерістерді ілгерілетуге, ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Еуразия кеңістігінде бейбітшілікті, ашықтықты және өркендеуді сақтау жолдары туралы пікірін ортаға салады.

Мемлекет басшысы Қазақстанды реформалау және жаңғырту жөніндегі негізгі бастамалары ең алдымен, халық көтерген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғанына баса назар аударады. Осы ретте, Президент "олардың бізден не күтетінін анық әрі айқын естідік", деп атап өткен.

"Реформалар негізгі мемлекеттік органдарда - Президент Әкімшілігінде, Парламентте, жергілікті әкімдіктерде, сот және құқық қорғау жүйелерінде жүргізіледі. Мемлекет басшысы азаптауларға мүлдем төзбеушілік қамтамасыз етілетініне ерекше мән береді", - деп келтірді басылым Мемлекет басшысының сөздерін.

Сондай-ақ, мақалада Жаңа Қазақстанда биліктің тармақтары мен мемлекеттік органдар арасында өкілеттіктердің балансын басқаша қалыптастыру жоспарланып отырғаны айтылған. Мемлекет басшысы айтқандай, шын мәнінде, Қазақстан басқарудың "суперпрезиденттік" моделінен "нормативтік-президенттік" басқару түріне көшеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын монополиядан арылту мәселесі туралы айта келіп, "жүйе тек таңдаулы адамдар үшін ғана емес, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек" дейді.

"Өкінішке қарай, бұрын бұндай жағдайға жиі жол берілгенін еске салды. Осыған байланысты Президент "инклюзивсіз өсім орнықты болмайды" деп атап өтті. Сондай-ақ, мақалада "олигархтар мен олардың монополияларына тиесілі орасан мол байлық еліміздің жұмысшы және орта таптарының игілігіне қайта жұмсалады", - деп жазылған мақалада.

Анықтама: The National Interest журналы 1985 жылы құрылған. Ол саясат пен халықаралық қатынастарға арналған. Тұрақты авторлар арасында белгілі америкалық саясаткерлер мен сарапшылар бар. Сондай-ақ, басылым беттерінде Ресей президенті Владимир Путин мен американдық саясаттанушы Фрэнсис Фукуяманың мақалалары жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети