Америкалық жұп асырап алған қазақ қызы туған ата-анасын іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Америкалық жұп асырап алған қазақ қызы туған ата-анасын іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
23 жастағы Сабина Джентри 2000 жылы туылғанын, оны өмірге келгеннен кейін бірнеше ай өткен соң асырап алғанын айтады. Бойжеткен соңғы бір-екі жыл бойы өзінің биологиялық ата-анасын іздегенімен, әзірге нәтиже жоқ.
"Мен 2000 жылы 27 ақпанда Астана қаласындағы №1 қалалық балалар ауруханасында дүниеге келдім. Анамның аты Гүлнар Мұхидинқызы Ыдырысова, ал туған әкемнің аты Асқар Ыдырысов. Толық биологиялық аты-жөнім Сабина Асқарқызы Ыдырысова. Мені босанғанда анамның жасы 29-да болыпты. Мен оның екінші жүктілігі екенім айтылған, сондықтан менің ағам немесе әпкем бар деп ойлаймын.
Бір білетінім, туған анам мені асырап алуға бергенде жалған мекенжай айтқан. 2000 жылдың қазан айында мені асырап алды. Мен Вирджинияда өстім. Қазіргі уақытта мен колледжді бітірдім және Джорджия штатының Атланта қаласында тұрамын", - деді америкалық өзі туралы Facebook желісінде.
Ол кез келген көмекке зәру екенін жазған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!