Америкалық компания бастаған арбитражда Қазақстан жеңіске жетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық компания бастаған арбитражда Қазақстан жеңіске жетті

Big Sky Energy Corporation америкалық компаниясы бастамашылық еткен арбитраж процесінде Қазақстан жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Big Sky Energy Corporation америкалық компаниясы бастамашылық еткен арбитраж процесінде Қазақстан жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 24 қарашада Инвестициялық дауларды реттеу бойынша халықаралық орталығы (ИДРХО) жанындағы төрелік Трибунал Big Sky Energy Corporation америкалық компаниясының бастамасымен Қазақстан Республикасына қарсы арбитражда Қазақстанның пайдасына шешім шығарды. Талап арыз сомасы 460,1 миллион АҚШ доллары", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасы Трибуналды Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты инвестициялық келісім бұзылмағанын дәлелдеген. Талапкер талаптары толығымен қабылданбаған.

Трибунал талапкерді шығындары төлеуге міндеттеді.

Төрелік талап арызды Big Sky Energy Corporation америкалық компаниясы 2017 жылғы шілдеде ИДРХО ережелеріне сәйкес бастағаны айтылды. Тыңдаулар 2021 жылғы 4-12 қаңтар аралығында онлайн форматта өтті.

Талапкердің негізгі шағымдары, Атырау облысындағы мұнай кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығы бар "ҚоЖан" ЖШС компаниясындағы қатысу үлесін экспроприациялауға алып келген, мемлекеттік органдардың, талапкердің айтуынша, заңсыз іс-әрекеттері саналады. Іс бойынша Қазақстан Республикасының мүддесін ҚР Әділет министрлігі Reed Smith LLP заң фирмасымен бірлесіп білдіреді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети