29 қазан 2015 | 18:02

Америкалық миллионер қазақстандықтарға дағдарыс кезінде қалай өмір сүру керек екенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джим Роджерс. © Tengrinews.kz Джим Роджерс. © Tengrinews.kz

Қазан айының соңы. Жаңбырлы кеш. Soluxe Hotel Astana ("Пекин палас") қонақүйінің бір қабатын алып жатқан президенттік люкс. Түсірілім тобы америкалық миллионер, халықаралық инвестор, қаржы сарапшысы және әлемді екі айналып шыққан адам Джим Роджерсті күтіп отыр. Біз Роджерстен сұхбат алып, қиын-қыстау кезде ақшаны қалай жарату керек және қалай сақтау керек екендігі жайлы кеңес сұрауды ұйғардық. Қазақстан астанасына ол VI Astana Invest 2015 халықаралық инвестициялық форумына модератор ретінде шақырылған. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазан айының соңы. Жаңбырлы кеш. Soluxe Hotel Astana ("Пекин палас") қонақүйінің бір қабатын алып жатқан президенттік люкс. Түсірілім тобы америкалық миллионер, халықаралық инвестор, қаржы сарапшысы және әлемді екі айналып шыққан адам Джим Роджерсті күтіп отыр. Біз Роджерстен сұхбат алып, қиын-қыстау кезде ақшаны қалай жарату керек және қалай сақтау керек екендігі жайлы кеңес сұрауды ұйғардық. Қазақстан астанасына ол VI Astana Invest 2015 халықаралық инвестициялық форумына модератор ретінде шақырылған. 

TENGRINEWS: Джим, Қазақстан дегенде есіңізге не түседі? Сіз үшін біздің ел несімен қызықты және мұнда инвестицияларыңыз бар ма?

Джим Роджерс: Қазақстанда болғаныма өте қуаныштымын. Сіздердің елге осымен бесінші рет келіп отырмын. Ойыма бірінші болып келетіні - әрине, ел территориясының басым бөлігін алып жатқан дала. Кең далада жүру бақыты бұйырыпты.

Қазіргі уақытта мен Қазақстандағы оң өзгерістерді байқап отырмын. Бұрын бұл мемлекет сырттағыларға жабық болса, қазір жағдай мүлдем басқа. Мұнда қаражат құюға болады. Енді ғана осы мемлекетке инвестиция құюды ойлап отырмын. Оның үстіне қолымда өз қаражатымды құямын деп отырған қазақстандық компаниялардың тізімі бар.

TENGRINEWS: Адамда бай болуы үшін әрі жетістікте өмір сүруі үшін қандай қасиеті болуы керек?

Джим Роджерс: Біріншісі - өзгелерге ұқсамау керек, тәуелсіз ойлау керек және тобырдың соңынан ілесе бермеу керек. Егер тобыр бір жаққа қарай кетіп бара жатса, сіз басқа бағытта жүруіңіз тиіс. Тәуелсіз болыңыз, сонда ғана бақуатты бола аласыз.

TENGRINEWS: Доллардың күші неде? Неліктен мемлекеттер америкалық валютадан бас тарта алмай отыр? Доллар әлі қанша өмір сүреді? 

Джим Роджерс: Әлемнің барлық резерві доллармен сақтаулы. Бірақ америкалық валютаға дейін стерлинг фунты және тағы да басқа ақша бірліктері болды. Олардан бас тарта алмайтын сияқты көріндік, алайда бас тартуға болатынын көріп келеміз. Қазір де өзгерістер болып жатыр, адамдар доллардан бас тарта бастады. Сондықтан сіздер де америкалық валютадан бас тартуды ойластыруларыңыз керек. Иә, менің бар жинаған қаражатым доллармен сақтаулы. Десе де, он жыл ішінде адамдар доллардан бас тартады деп есептеймін. Меніңше, оның орнын юань басады. Қытай валютасы долларға бәсеке бола алатын жалғыз валюта. 

TENGRINEWS: Бүкіл әлемді Қытай басқаратын болады деп ойлайсыз ба?

Джим Роджерс: ХIХ ғасыр Ұлыбританияның, ХХ ғасыр - АҚШ-тың, ХХІ ғасыр Қытайдың ғасыры. Аспан асты елі - ұлы держава, таяуда олар одан да жоғары болады, көш бастайды. Балаларымды қазірдің өзінде соған дайындап жатырмын, олар қытай тілін біледі. Азия қаржы нарығында қуатты ойыншы болатын жағдайға дайын болғым келеді. Менің АҚШ-та, Майамиде, Сингапурде кеңселерім бар. Өзім де осы елдерде тұрамын. Әрине, Қытайға көшіп барғым келген, бірақ бұл ел қатты ластанған, ол жақта өмір сүре алмаймын. Егер билік елді тазартса көшу мәселесін батылырақ қарай бастаймын.   

TENGRINEWS: Дағдарыс кезінде пайда табуға бола ма? Мұндай кезеңде ақшаны қайда салу керек?

Джим Роджерс: Дағдарыс кезінде қыруар ақша табуға болады. Қытайдың тіпті "Дағдарыс пен мүмкіндік қатар жүреді" деген мақалы бар. Дүрбелеңге қосылып кетпей, салмақты бола білсеңіз, нәтижеге қол жеткізе аласыз.

Ақшаны қайда құю керек екеніне келсек, бұл бірінші кезекте сіздің географиялық орныңызға және дағдарыстың түріне байланысты. Егер ол соғыспен байланысты болса, сіз тамақ пен алтынды сатып алуыңыз қажет. Ал егер халықта ақша болмаса, банкротқа ұшыраған компанияларды сатып алуыңыз керек, себебі болашақта осы кәсіпорындарды дамыта аласыз. 

TENGRINEWS: Адамдар "дағдарыс" атты сабақтан не үйренуі керек?

Джим Роджерс: Дағдарыс - пайда табудың зор мүмкіндігі. Бірінші кезекте сіз салқынқанды болуыңыз керек, дүрбелеңге ілесіп кетпеңіз. Бәрі өз ретімен, бәрі де аяқталады. Сонда сіз пайданы тауып, өз несібеңізден айырылмауыңыз тиіс. Алдағы екі жылда тағы бір дағдарыс болады, оған сіз ерте қамданыңыз. Ақша жинап, оны қайда құюыңыз керек екенін шешіп алыңыз. Яғни, мәселен, мақсат қоясыз: жер сатып алғым келеді; дағдарыс басталғанда барасыз да сол жерді сатып аласыз. Рецессия кезінде дүкенге жүгіріп, қымбат заттар мен киімді сатып алмауыңыз керек. Бірақ мұнда да бір мәселе бар, егер достарыңыз бренд киімдер сатып жатса, солардан сатып ала аласыз. Адамдардың дағдарыс кезінде сататын киімдері болады, ал сіздің қалтаңызда ақша болады. 

TENGRINEWS: Дағдарыс кезінде саяхаттау дұрыс па? Әлде мұндай кезеңде үйде отырған абзал ма?

Джим Роджерс: Саяхаттау үшін ең қолайлы кезең - дағдарыс кезі. Егер бір істі бастағыңыз келсе, дағдарыс кезі ең қолайлысы. Адамдар қорқып, ешқайда саяхаттамайды, ал сіз ұшақ бортына отырып, олардың билет сатып алуға қорқатынын көресіз. Қонақүй жалдайсыз, онда да адам қарасы аз, яғни сәйкесінше құны да арзан болады деген сөз. Сосын мейрамханаға кіресіз, онда да адам аз. Сондықтан бір іс жасағыңыз келсе - дағдарыс ең қолайлы кезең.

TENGRINEWS: Өмірдің мәні не?

Джим Роджерс: Өмірдің мәнін қалауыңыздағыны жасау деп білемін. Мен ақшаны көлік сатып алу үшін тапқан жоқпын, ақшаны бостандықты сатып алу үшін, көңілім қалаған нәрсені жасау үшін таптым. Қайырымды адам болғым келмесе болмай-ақ қоямын, бұл жолмен жүргім келмесе, жүрмей-ақ қоямын. Қазақстанды мотоциклмен шарлағым келсе, шарлаймын. Мен сіздермен кездескім келді - кездестім.

TENGRINEWS: Соңғы мәліметтер бойынша, ең бай адам "Зара" брендінің қожайыны. Яғни адамдар қаржылай қиындықтарға қарамастан киімді сатып алып жатыр. Қалай ойлайсыз, адамдар киімге тәуелді ме?

Джим Роджерс: Көріп отырғандарыңыздай, сағат тақпаймын, бағалы бұйымдарға қызықпаймын. Өз басым зат сатып ала бермеймін, көлігім де жоқ, үйім де, ұшағым да жоқ. Тек адамдар үшін сатып аламын. Адамдардың киім сатып алуын маңызды деп ойламаймын, олар болашаққа инвестиция құюы керек. Егер сіздер ақшаны ақылмен жинап, пайдаланып, инвестиция құйсаңыздар, болашақта қалаған затты сатып алуға мүмкіндіктеріңіз болады. Бірақ бұл үшін ақша жинауларыңыз қажет. Менің үйім болған, мен оны дағдарыс кезінде сатып алдым, бірақ кейін сатып жібердім. Екі-үш жылдан кейін үй сатып алғым келеді. Әйелім болса көлік сатып алуымыз керек деді. Көліктің артық бас ауру екенін айтумен болдым. Көлік сатып алумен қатар, оған жүргізуші алу керек, ұқыпты жүру керек дегендей мәселелері көп. Нәтижесінде әйелім айтқанынан қайтпай, қымбат "Мерседес" сатып алды. Сатып алғанымызға бір апта өтпей жатып, жүргізушіміз оны қабырғаға соғып алды.

TENGRINEWS: Қазақстанда адамдар қымбат автомобиль, люкс брендтерінің киімін және жылжымайтын мүлкін сатып алуды, ұлан-асыр той жасауды ұнатады. Сіздіңше бұл дұрыс па?

Джим Роджерс: Егер ақшаңыз болса қымбат көлік, киім сатып алып, той жасай аласыз. Бірақ бұл ақшаны болашаққа сақтасаңыз дана шешім жасайсыз. Ал егер "Гуччи" көйлегін сатып алғаннан кейін пәтер жалдауға мүмкіндігіңіз болмаса мұндай көйлектің сізге не қажеті бар? Бұл ақылсыздық. Мен қазір сізге "Гуччи" көйлегін әпере аламын, себебі мен жас кезімде қаражатымды сақтап, жинағанмын. Мен ақшамды дұрыс жолға салдым. Мен бостандығымды сатып алғым келеді. 

TENGRINEWS: Қалталы адамдар бір киімді қайта-қайта киюді ұйғарады, себебі олар әр таңда не киемін деп ойлануға уақыт жұмсағысы келмейді. Бұл ойға келісесіз бе?

Джим Роджерс: Иә, мен де солай ойлаймын.

TENGRINEWS: Бірақ сіз қазір соңғы сәнмен киініп келіпсіз ғой.  

Джим Роджерс: Сұхбатқа костюм киіп кел деп өздеріңіз айттыңыздар, мен солай жасадым (сұхбатқа дейін біз спикердің костюм киюін өтінген едік - Авт.Tengrinews.kz.). Өтініш айтпасаңыздар джинс пен футболка киіп келер едім. Қазақстанда бір түсінгенім, қазақ әйелдері не айтса, соны істеу керек екен. 

Әңгімелескен Айгерім Әбілмәжитова

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети