Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы туыстарын іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы туыстарын іздеп жатыр Фото: facebook.com/theodore.walton.378

АҚШ азаматтары асырап алған Теодор Уолтон (Theodore Walton) есімді қазақ баласы Қазақстандағы ағасы мен әпкесін іздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ азаматтары асырап алған Теодор Уолтон (Theodore Walton) есімді қазақ баласы Қазақстандағы ағасы мен әпкесін іздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақстан-Америка қауымдастының Facebook желісіндегі жеке парақшасында туыстарын тауып беруге көмек сұрап, жазба қалдырыпты.
 
"Сәлеметсіздер ме, мен туыстарым туралы қандай бір ақпарат таба аламын деген үміттемін. Мені асырап алған. Жақында Қазақстандағы туыстарымның суретін тауып алдым. Мен Өскеменде дүниеге келдім. Фотодағы әпкем мен ағамды іздеймін. Менің аты-жөнім - Марат Тохтарович Оразғалиев. Фотосуреттің бірінде биологиялық ата-анамның аты-жөнін қалдырдым (Оразғалиева Жанар Ахметовна және Оразғалиев Тохтарбек Алиевич) Көмектеріңіз үшін рақмет", - деп жазды ол.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети