Астанадағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа спорттық киім мен аяқ киім өндірушісі – америкалық New Balance Athletics, Inc. ("Нью Бэланс") компаниясы жүгінді. Америкалық тарап тауар таңбасын заңсыз пайдалану бойынша өтемақы өндіру туралы талап-арыз берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, тараптар сотта медиациялық келісімге келген.
"Қол қойылған келісімге сәйкес, жауапкер 200 000 теңге көлемінде өтемақы төлеуге және талапкер New Balance-тің тауар таңбасы бейнеленген тауарларды жоюға міндеттенді", – деді сот өкілдері.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!