Америкалық миллионер Қазақстанға инвестиция құюға ниеттеніп отыр. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
"Осыған дейін мен бірнеше себеппен Қазақстанға инвестиция құймай келдім. Оның бір - Қазақстанның басқа елдер үшін жабық болуы. Дегенмен бәрі өзгерді, қазір мен түрлі нұсқа қарап жатырмын. Қолымда өзім инвестиция құя алатын компаниялардың тізімі де бар. Бәрі де мүмкін", - деді Джим Роджерс.
Сонымен қатар, миллионер Қазақстанда болуды бақыт деп есептейтінін айтты.
"Мен мұнда болғаным үшін өте бақыттымын. Бұл жерде 5-6 рет болдым. Менің ойыма бірінші болып келетіні - дала. Ол өте үлкен", - деді Джим Роджерс.
Америкалық милионер және инвестор Джим Роджерс Қазақстанға халықаралық "Astana Invest-2015" форумына қатысу үшін келді.
Бұған дейін Джим Роджерс CNN телеарнасына Қазақстанға инвестиция құюға кеңес берген болатын.
Айта кетейік, Джим Роджерс - кітап авторы, қаржы сарапшысы, халықаралық инвестор.