12 ақпан 2022 12:19

Әмірбек Оспанбеков Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әмірбек Оспанбеков Әмірбек Оспанбеков

Әмірбек Оспанбеков Президенттің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Әмірбек Оспанбеков Президенттің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалсын", - делінген Президент қаулысында.

Әмірбек Оспанбеков бұған дейін 2021 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесі бастығының орынбасары болған. 

Ол заңгер, экономист. ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын, "Тұран-Астана" университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет атқарды, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімнің бас консультанты, Сенат аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кадр жұмысы және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети