Ан-26 ұшағы апаты: қаза тапқан әскерилер жер қойнына тапсырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ан-26 ұшағы апаты: қаза тапқан әскерилер жер қойнына тапсырылды Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

15 наурызда Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығы қатысқан ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 наурызда Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығы қатысқан ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды.

ҰҚК қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.

Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер еске алынып, ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында "Бір минут үнсіздік" өткізіледі.

Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының барлық мән-жайын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері кейін қосымша хабарланатыны айтылды.

Еске салайық, 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ұшақ құлап, өртенген болатын. Кейін бұл ҰҚК авиациялық қызметіне тиесілі АН-26 екені анықталды. Ұшақта алты адам болған. Апат салдарынан олардың төртеуі қаза тапты: майор Ғабит Балықбаев (36 жас), капитан Досжан Баймұратов (35 жас), сержант Евгений Васильков (35 жас) және аға лейтенант Мұхтар Сағынбаев (26 жас).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети