15 ақпан 2014 | 14:03

Ан-72 апатына байланысты диспетчер айыпталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апатқа ұшыраған Ан-72  ұшағының қалдықтары. ©Tengrinews.kz Апатқа ұшыраған Ан-72 ұшағының қалдықтары. ©Tengrinews.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ан-72 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты диспетчер айыпталып отыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген оңаша сұхбатында айыптының адвокаты Ардақ Балпықов айтты. ҚР Бас әскери прокуратурасының тергеу тобы 2013 жылдың тамыз айында "Қазаэронавигация" РМК Шымкент филиалының диспетчері Қанат Ақылбековке қатысты қылмыстық іс қозғаған. Іс сотқа жолданды. "Экипаждың ұшу биіктігін анықтау жөніндегі бұрыс әрекеттерінің жиынтығында Ан-72 әуе көлігі жер бедеріне соғылған деп есептеп, Ақылбековті әуе көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзды деп айыптап отыр", - дейді диспетчердің адвокаты. Оның сөзіне қарағанда, бұл - негізсіз әрі заңсыз айыптау. Балпықовтың түсіндіруінше, нұсқаулыққа сәйкес, диспетчер ұшу биіктігін дұрыс белгілеуге, әуе көлігінің төмендеу схемасының сақталуын, қону алаңына келуді, әуе жағдайы және метеорологиялық, орнитологиялық жағдай туралы өз уақытында әрі дұрыс ақпарат беруге жауапты. Өз кезегінде экипаж диспетчерге төмендеудің және белгіленген биіктікке көтерілудің басталғанын, қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен техниканың істен шыққаны туралы баяндап отыруы тиіс. Егер экипаж рұқсатты немесе нұсқауды алып, оны орындай алмайтын болса, бұл туралы асқарушы тұлғаға оның себебін айтып, "орындай алмаймын" деген фразаны қолданып мәлімдеуі тиіс. Адвокаттың айтуынша, сол күні экипажға ұшу мен қонуға қатысты барлық қажетті ақпарат өз уақытында хабарланған. "Диспетчер Қанат Ақылбеков аэродром қысымы бойынша белгіленген 800 метр биіктікке дейін төмендеуге рұқсат берген. Бұл рұқсатқа дейін де, кейін де экипаждан радиобиіктікөлшегіш құрылғының, автопилоттың істен шыққаны және ұшақтың мұздануы туралы мәлімет келіп түспеген. Бірақ мұндай фактілер болған, ол туралы Бас прокуратура өткен жылдың қаңтар айында жариялаған болатын", - дейді Балпықов. Оның айтуынша, экипаж 800 метр биіктікке дейін төмендейтінін және аэродром қысымын сынап бағанасының 725 миллиметріне дейін белгілейтінін растаған. "Бас прокуратура бұл қысымның ұсынылмағанын да хабарлады. Экипаждан белгіленген биіктікке орнығатыны туралы хабар да түспеген. Көлік экипажы диспетчердің түйіліп өтуге және 800 метр биіктікке төмендеуге берген рұқсатын орындай алмайтыны туралы мәлімдемеген", - дейді адвокат. Ақылбековтің қорғаушысы диспетчердің негізсіз әрі заңсыз айыпталып отырғанын айтып, Бас прокуратураға жеті рет сұрау жолдаған. Бірақ олардың бір де бірі қаралмапты. Адвокаттың мәліметінше, 30 жастағы Ақылбековтің авиадиспетчерлікте алты жылдық тәжірибесі бар. Қазір ол Шымкентте, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған. Еске сала кетейік, бұл әуе апаты 2012 жылдың 25 желтоқсанында болған еді. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы аумағында Астана - Шымкент бағытымен келе жатқан Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 27 адам болған: экипаждың жеті мүшесі және 20 әскери. Әуе апатында Шекара қызметінің барлық жоғары лауазымды жетекшілері қаза тапты. Олардың арасында ведомство директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков, "Оңтүстік" шекара жасағының басқарма бастығы және "Қордай", Сарыағаш" шекара отрядтарының жетекшілері болды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети