"Ана" мен "әке" сөздері болмайды. Желіде мектепке қабылдауға байланысты фейк тарады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Желіде мектепке қабылдау туралы өтініште "ана" мен "әке" сөздері "бірінші ата-ана" және "екінші ата-ана" болып ауыстырылды деген фейк тарады, - деп хабарлайды stopfake.kz

Желіде мектепке қабылдау туралы өтініште "ана" мен "әке" сөздері "бірінші ата-ана" және "екінші ата-ана" болып ауыстырылды деген фейк тарады, - деп хабарлайды stopfake.kz

Қазнет қолданушыларының айтуынша, биыл баланы мектепке қабылдау туралы өтініш нысанында "анасының ЖСН-ы" және "әкесінің ЖСН-ы" деп жазылатын жолдарға "бірінші ата-ананың ЖСН-ы" және "екінші ата-ананың ЖСН-ы" деп жазылған. Бұл - жалған ақпарат.

Реклама
Реклама

ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, баланы мектепке қабылдау туралы өтініште ата-анасының біреуінің ғана ЖСН-ін көрсету қажет.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ата-аналар нөмірленбеген. Құжаттарды толтыру кезінде бұрынғыдай "ата-ана" немесе "заңды өкіл" деп жазылады", - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі өкілі.

Демек, Қазақстанда "ана" мен "әке" сөздері "бірінші ата-ана" және "екінші ата-ана" сөздерімен ауыстырылатыны туралы ақпарат - фейк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама