21 қыркүйек 2015 | 18:49

"Ана Үйі" жобасы екі жылда мыңнан аса баланы жетімдіктен құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Аналар үйі" жобасы екі жылдың ішінде мыңнан аса баланы жетімдіктен құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада жоба авторлары Қоғамдық қордың ашылған уақытынан бері жасалған жұмыстардың нәтижесін және алдағы жоспарлары туралы айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

"Аналар үйі" жобасы екі жылдың ішінде мыңнан аса баланы жетімдіктен құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада жоба авторлары Қоғамдық қордың ашылған уақытынан бері жасалған жұмыстардың нәтижесін және алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Еске сала кетейік, "Ана үйі" әлеуметтік жобасының негізін қазақстандық белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев қалаған болатын. Екі жыл бұрын ол балаларын түрлі себеппен тастап кететін аналарға арнап өз қаражатынан орталықтар ашты. Бұл идеяны кәсіпкердің достары қолдап, қазір олардың әрқайсысы бірнеше орталыққа жетекшілік етіп отыр.

"Қазір Қазақстанның 17 қаласында 27 орталық бар. Қорымыздың осыған дейінгі негізгі жеңісі 1007 баланың жетімдер үйіне бармауы болып отыр. Қазіргі кезде 241 ана біздің орталығымызда", - деді "Ана Үйі" қорының директоры Надия Борамбаева.

Жобаның авторлары "Ана Yйi" қорының негізгі мақсаты баланың өз отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету екенін тағы да еске салды. Қиын жағдайда қалған аналарға бұл орталықтарда моральдық, материалдық көмек көрсетіледі. "Ана Үйіне" келген әйелдер баласы бір жарым жасқа толғанға дейін сонда қала алады. Яғни тастанды балалар саны азаяды", - деді Айдын Рақымбаев. Ол үш қаладағы төрт орталықты қаржыландырып отыр.

Осы орталықтарға келген аналарға құжаттарын қалпына келтіріп, білім алуға жағдай жасалған: курстарға қатыстырылып, жұмыс табуға көмек көрсетіледі. "Қазір жобаның стратегиясы аздап өзгертіліп жатыр. Біз жалғыз басты аналардың болашағы жоқ деген пікірді жойғымыз келеді. Компьютерде сауаттылығын арттырып, есепші курсы, аспаз-кондитер, шаштараз, тігіншілікті оқуына болады. (...) Біз осы курстарды оқығандығы туралы сертификат береміз. Бұл әйелдің болашақта жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді", - деді Надия Борамбаева. 

"Біздің үйлер шипажай емес. Қыздар өздері ас дайындап, үй жинайды. Бізде қызметшілер жоқ. Өздері балаларға да қарайды. (...) Біз жобаның мелекетке тиімді болуын да қарастырдық. Мемлекет жылына бір жетім балаға бір жарым миллион теңге бөледі. Бала 18 жасқа келгенше 27 миллион теңге бөлінеді. Мың бала үшін мемлекет 27 миллиард теңгені үнемдейді", - деді Айдын Рақымбаев. Ол жыл сайын жобаға 500 миллион теңге бөлінетінін айтты.

Айта кетейік, Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Айдын Рақымбаев Қазақстанда жетім балалардың болмауы үшін тырысатынын айтты. "Мен мұны жасауға болатынын білемін, сондықтан да жұмыс істеймін! Бастысы - мақсат қоя білу. Мақсат болса оны орындауға болады", - деді кәсіпкер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети