Анамның маxаббаты әлі күнге қолдап келеді - Назарбаев

08 Наурыз 2017, 12:23
11
Анамның маxаббаты әлі күнге қолдап келеді - Назарбаев -

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз анасының бақилық болса да, осы күнге дейін қолдап келетіні туралы айтқан видео жаряланды. Ролик Іnstagram желісіндегі Ақорданың ресми парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Ол кездері жанында көп бола алмадым. Мен анамның өзімді қалай қатты жақсы көретінін білетінмін. Менің ойымша, олай басқа ешкім жақсы көре алмайды. Мені осы күнге дейін оның махаббаты қолдап келе жатыр. Мен кей кездері маңызды әрі ауыр шешімдер қабылдаған сәттерімде, анам менің түсіме кіреді. Мен мистик емеспін, ешқандай бақсы, балгерлер, көріпкелдер мен жұлдызшыларға сенбеймін. Бірақ анам түсіме кіріп, "Өзіңе сенімді бол, бәрі де дұрыс болады", - дейді. Қазір анам тірі болса, мен оған былай деп айтар едім: "Мен сізді қатты жақсы көремін, қадірлеймін", - деді Назарбаев 2001 жылы түсірілген видеода.

 

Елбасының анасы туралы сөзі (2001 жыл)

Публикация от AkordaPress (@akordapress)

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келген. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалма өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (11)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай