27 наурыз 2017 17:07

Ананы сыйлаудың өзгеше үлгісін көрсететін шара өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© muftyat.kz © muftyat.kz

Талдықорған қаласындағы "Иман" мешітінің келушілері аналарын құрметтеп, ардақтаудың өзгеше үлгісін көрсететін шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға қатысқан әрбір мұсылман анасына деген махаббатын шын жүректен білдірді. Анасына Алладан дұға етіп, амандығын сұрап, қолдарынан сүйіп, мүбарак зәмзәм суынан ұсынды және аналарының аяғын жуып берді.

"Әз аналардың аяғын жуу рәсімін өткізген соң, аналар қауымы өзінің балаларына ризашылығын білдірді. Хадисте: "Алланың разылығы - ата-ананың разылығында", - делінген.

Алла Тағала Құрандағы "Лұқман" сүресінің 14-аятында: "Маған және әке-шешеңе шүкір ет", - деп бұйырған. Ал, Пайғамбармыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: "Жаннат -  аналардың табандарының астында" делінген. Біз, мұсылмандар, аналарымызды тек Наурыз мейрамы кезінде ғана емес, өмір бойы сыйлап өтуге міндеттіміз, борыштымыз", - делінген баспасөз хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети