26 қазан 2016 | 10:54

Анасынан соққы көрген үш жасар қыз Павлодардағы балалар үйіне берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анасынан соққы көрген үш жасар қыз Павлодардағы балалар үйіне берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Анасынан соққы көрген үш жасар қыз Павлодардағы балалар үйіне берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. 

Басқарманың мәліметінше, Айлин Қасымова қаладағы балалар үйіне орналастырылған, ал 8 жастағы әпкесі Айғаным әжесі мен атасының қолына берілген.

Білім басқармасындағылардың айтуынша, қыздың әкесі видеодан әйелін таныған. 25 қазанда ер адам Павлодардағы ІІБ орталық полиция бөліміне арыз жазған. Арызында ол бұрынғы әйелі Нұргүл Докуоваға қатысты шара қолдануды сұраған. Ер адам бұрынғы әйелінің балаларды ұрып-соғу жағдайы көп болатынын айтқан.

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, әйелдің бұрынғы күйеуі баланы өз қолына алғысы келеді екен. Қоса кетейік, баласын аяусыз ұрып-соққан әйел Павлодар мұнайхимия зауытында оператор болып жұмыс істейді.


Нүргүл үлкен қызымен


Анасынан соққы көрген Айлин

Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты іс қозғалғаны белгілі. Бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында "Ана, тоқтат!" деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ боалды, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды.  

Кейін Павлодарда қызды ұрып-соққан видеоны таратушы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети