Аңдамай айтылған бірауыз сөз елге зардабын тигізуі мүмкін - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аңдамай айтылған бірауыз сөз елге зардабын тигізуі мүмкін - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр, мемлекеттік органдар басшылары, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерімен кеңес өткізді. Кеңес барысында ол заң мен тәртіп бар жерде тұрақтылық орнайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, сөз бостандығы бар болғанымен, бұл бассыздыққа баруға жол берілген дегенді білдірмейді.

"Елімізді дамыту үшін саяси жүйені ғана жаңғырту жеткіліксіз. Реформалар, ең алдымен, қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптастыруы керек. Сонымен бірге, жаңа құндылықтарды орнықтыруы қажет. Ең алдымен, ел мүддесіне және әр адамның құқығына басымдық беріледі. Геосаяси ахуал ушыққан кезде мемлекеттің және азаматтардың жауапкершілік жүгі артады. Аңдамай айтылған бірауыз сөз, ойланбай қабылданған бір шешім елге зардабын тигізуі мүмкін. Әрине, мемлекет сөз бостандығына кепілдік береді. Әркімнің қалауынша қарекет жасауына мүмкіндік бар. Бірақ бұл бассыздыққа жол беру деген сөз емес. Әрбір азамат елдің тыныштығын және оның аумақтық тұтастығын сақтауға қатысты заң талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті. Заң мен тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Бұл қағида - барлығына ортақ", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети