ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ангола Республикасы Ұлттық секциясының комиссары Альбина Ассис Африканомен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында ұлттық компания басшысы Ангола комиссарының жақында ғана орын алған тағайындауымен құттықтай отырып, оның мол тәжірибесін атап өтті. Әсіресе, Миланда өткен ЭКСПО-2015 көрмесінде Ангола павильонының жүлделі екінші орын алғандығын айтты. Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Көрмені ұйымдастыру барысында жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырып, "Болашақ энергиясы" тақырыбындағы көрменің мазмұны мен контентіне тоқталды.
"Алдағы көрменің тақырыбын ерекше атап өткім келеді. Ол шын мәнінде, өте уақытылы әрі маңызды. Ангола "Барлығына арналған энергия" тақырыпшасын таңдады. Өйткені, бұл бағыттың жүзеге асуы бізге кедейлікпен күресуге ықпал етікөмек беріп, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына өзіндік көпір боларына сенімдіміз. Бұл тақырып негізгі болып табылады. Себебі, Ангола Республикасының энергетика саласындағы стратегиясымен сәйкес келеді" - деді А.Африкано.
Кездесу соңында Анголаның "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойылды.