Әнші Jony Шымкентте концертінің тоқтатылғанына ашуланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Jony Шымкентте концертінің тоқтатылғанына ашуланды Әнші Jony

Шымкентте ресейлік танымал әнші Jony-дің концерті тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ресейлік танымал әнші Jony-дің концерті тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің өзі бұл шешімге ашуланып, қала билігі жанкүйерлерге себебін айтуға да рұқсат бермегенін айтты.

"Заңға қарсы жүре алмаймыз. Қала билігі алдын ала келісілген концертті тоқтатып қана қоймай, сахнаға шығып, бұл туралы жұртшылыққа айтуға да мүмкіндік бермеді. Олар ақшасын жұмсап, концерке келді және не үшін болмай қалғанын білуге құқылы. "Шығып түсіндіріңіз" деудің орнына "тағы да сахынаға шықсаңыз, сізді қамауға аламыз" деді. Мен сияқты қылмыскер жоқ, қала тыныш деп үміттенемін. Айтпақшы бұл заң кеше қабылданған, ертең оның күші жойылады. Қызықты кездейсоқтық", - деп жазды Jony Instagram желісінде.

Шымкент қаласының әкімдігі санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан концерт тоқтатылғанын хабарлады. Әкімдік өкілінің айтуынша, зал лық толы болған, көрермендер арақашықтықты сақтамаған және бетпердесіз жүрген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Открывай Шымкент (@open.shymkent)

Әнші Jony Әзірбайжанның тумасы. Ол танымал әндерге кавер жазып, оларды парақшасына орналастыра бастағаннан кейін, көп ұзамай танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети