Әнші, профессор Люция Төлешова коронавирустан қайтыс болды

Әнші, профессор Люция Төлешова коронавирустан қайтыс болды Фото: Qazaqstan

Бүгін 80 жастан асқан шағында қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор, елімізде тұңғыш рет "Эстрадалық вокал" кафедрасының негізін салған қайраткер Люция Төлешова өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 80 жастан асқан шағында қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор, елімізде тұңғыш рет "Эстрадалық вокал" кафедрасының негізін салған қайраткер Люция Төлешова өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров естіртті.

"Әлемді жайлаған індеттен қазақтың аяулы тұлғасы Люция Қажығалиқызы дүние салды.
Мәскеудегі Гнессиндер атындағы музыка академиясын тәмамдаған Люция Төлешова өзінің саналы ғұмырын кәсіби эстрада өнеріне арнады. Соңғы демі үзілгенше Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының "Эстрадалық вокал" кафедрасының профессоры болып еңбек етті.

Люция Қажығалиқызы тәрбиелеген шәкірттер - Т.Забирова, Б.Шадаева, С.Майғазиев, Б.Мұхитдинова, Г.Қаспақова, М.Мүсірәлі, Ж.Арыстанова, Ә.Каримов, Қ.Түнтеков, Б.Құлғараев, Д.Каден, Б.Ретбаев т.б. Қазақстанның өнер кеңістігінде белгілі әншілер мен орындаушыларға айналды. Жүрегі "Өнер" деп соққан Люция Қажығалиқызымен өмір мен өнер жолында әріптес болдық, сыйластық. Өмірде ерекше қадір тұтқан Люция Қажығалиқызының ой-армандары мен мақсаттары көп еді... Ажалға не шара?! Отбасына, тума-туысқандары мен әріптестеріне, барлық шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамын", - деді Асхат Маемиров. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети