Әнші Славаға қатысты шыққан жанжалға "Аэрофлот" әуе компаниясы түсінік берді, Tengrinews.kz Super.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Әнші Славаға қатысты шыққан жанжалға "Аэрофлот" әуе компаниясы түсінік берді, Tengrinews.kz Super.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Ресейлік әнші Слава Теміртауда Металлургтер күніне орай ұйымдастырылған концерттен кейін Мәскеуге ұша алмай қалған.
"Бортсеріктердің айтуынша, бизнес-класта ұшпақшы болған әнші Анастасия Сланевская мен оның жолсерігінен ішімдіктің иісі мүңкіп тұрған және олар ұшақта ұшу ережесін бұзған. Аға бортсерік олардан тыныштық сақтауды, ережеге бағынуды сұраған кезде олар қолдарын сермеп, қызметкерлерді балағаттап, пилоттың кабинасына қарай жүгірген. Әуе кемесінің қызметкерлері ерсі қылық көрсеткен, жанжал шығарған жолаушыларды ұшақтан түсіріп кетуді ұйғарды. Өйткені ұшақтағы қауіпсіздікті сақтау және басқа жолаушылардың тыныштығын қамтамасыз ету бәрінен маңызды", деп түсінік берді "Аэрофлот" әуе компаниясының өкілі.
Әнші Слава әуе компаниясының қызметкерлерін оны әуежайдың VIP аймағында наша қабылдады деп айптағанын айтып шағымданған болатын. Алайда әуе компаниясының қызметкерлері оны жоққа шығарып отыр. "Біздің қызметкеріміз Анастасия Сланевскаяны күту залында көруі мүмкін емес. Өйткені олар тек ұшақтың бортында жолықты", дейді компаниядағылар.
Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні ресейлік әнші Слава мен оның концерт директорын Қарағандының "Сарыарқа" әуежайында рейстен түсіріп кеткен болатын. Әуе компаниясның өкілдері мен бортсеріктер Славаны мас күйде болғандықтан оны ұшақтың салонына кіргізбеген. Әнші дәрігерлік тексерістен өтуге мәжбүр болды. Кейіннен қазақстандық құқық қорғау органдарының Славаға дөрекілік көрсеткені жөніндегі ақпараттар тарады.
Алайда Қарағандының көлік басқармасының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің Славаға және оның концерт директорына тіл тигізбегенін, дөрекелік көрсетпегенін айтты. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, Славаның наша қабылдамағаны, бірақ ішімдік ішіп мас болғаны анықталды.