Анталия - Алматы бағытындағы ұшақтың бортында төбелес ұйымдастырған үш жолаушы жазаланды, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анталия - Алматы бағытындағы ұшақтың бортында төбелес ұйымдастырған үш жолаушы жазаланды, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласының Халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түні Анталиядан Алматыға ұшып бара жатқан Atlas Global компаниясының ұшағы жедел түрде қонған. Түркияның әуе компаниясы осы рейспен кетіп бара жатқан үш адамды тасымалдамайтынын айтып, арыз берген. Олар алкогольді ішімдікке мас болған. Оның шұғыл осындай әрекетке баруы борттағы төбелеске байланысты болған. Tengrinews.kz тілшісі осы оқиғаның куәгерімен хабарласып, жолаушылар арасында неліктен жанжал шыққанын анықтады.
"Тексеріс барысында Алматы облысының үш азаматы екені анықталды. Олар көліктегі полиция қызметкерлеріне табысталған. Олар кішігірім бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Жолаушылардың бірінің айтуынша, қазақстандықтардың мәселесі Түркиядан басталған. Олардың ұшағы бір сағатқа кешігіп ұшқан. Осыдан кейін жас әйел нәрестесінің жылағанын тоқтата алмағандықтан басқа жолаушылар шүйлікті.
"Ұшақ бортында бірнеше адам сәбилерімен бірге болды. Көбісі қысымның ауыспалылығына байланысты жылап жатты. Тағы бір әйелдің сәбиі қатты жылады. Отбасымен отырған бір үлкен әйел қайта қайта ескерту жасады. Олардың қызы елге белгілі блогер екен. Осы кезде бала ұстап отырған әйел дөрекі жауап берді. Сол кезде осы әңгімеге ішімдік ішіп алған үлкен әйелдің күйеуі араласты", - дейді жігіт.
Стюардессалар сәби ұстап отырған әйелді алдыңғы қатарға ауыстырды, ал ер адамның ішімдігін тәркілеген. Сол кезде бала ұстап отырған әйелге жақтасып, ер адамды ұрып жіберген. Содан айқай шу, бейәдеп сөздер мен жанжал тоқтамаған соң, әуе кемесінің командирі шұғыл түрде қонуды ұйғарған.
Куәгердің айтуынша, мұнымен дау-дамай бітпеген. Ақтауға келгенде барлығын әуежайға түсіріп, оларды үш сағат бойы ұстаған. Осы уақыттың ішінде құқық қорғау органдары мен шекара қызметінің өкілдері екі тарапты татуластырмақ болған.
"Біз қайтадан тіркеуден өтіп, күту аймағында отырдық. Барлық балалар жылап жатты. Жағдай ушыға бастады, ал қызметкерлер бізді Алматыға мүлдем жіберер емес. Екі жақ татуласқанын күттік. Алайда 200-ге жуық адам шулағаннан кейін біз оларсыз ұшып кеттік. Жас анаға жақтасқан жігітке ризамын, ол нағыз ерге тән әрекет жасады", - деп қорытындылады куәгер.