05 қараша 2017 17:52

Антальяда жүргізуші қазақстандық қызды жаяу жүргіншілерге арналған жолда қағып кетті: Қыз жансақтау бөлімінде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық қыз Антальяда жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зардап шеккен қыздың туысы Гаухар Жаманкеева айтты.


Қазақстандық қыз Антальяда жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зардап шеккен қыздың туысы Гаухар Жаманкеева айтты.

21 жастағы Меруерт Дуганова Теміртаудан Антальяға әпкесіне қонаққа келген екен. 4 қарашада жерглілікті уақыт бойынша шамамен сағат 19.00-де жүргізуші қызды жаяу жүргіншілерге арналған жолда қағып кеткен. Қыздың әпкесінің айтуынша, ол бірнеше метрге ұшып кеткен.

Айтуынша, ол қазір ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Полиция жүргізушіні ұстады. Әйелдің айтуынша, ол бұл туралы Қазақстан консулдығына хабарлады.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның 21 жастағы азаматшасын Анталья қаласы Коньяалты ауданындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолда қағып кеткен.

"Қыз жол апаты салдарынан қатты жарақат алып, қаладағы жекеменшік клиникалардың біріне жеткізілген. Оған бірден жедел түрде ота жасалды. Қазақстан консулы ауруханаға барып қайтты, дәрігерлермен кездесті. Қазіргі уақытта қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Клиникадағы дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.

"Қазақстандық дипломат зардап шеккен қыздың туысымен байланыста, қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, ол жергілікті полиция өкілдерімен байланысқа шықты, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қыздың Антальяға осыдан шамамен бір ай бұрын туристік визамен әпкесіне барғаны белгілі. Медициналық сақтандыруы бар. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети