Антикор: Астанада ірі компания өкілдіктерінің бұрынғы басшысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор: Астанада ірі компания өкілдіктерінің бұрынғы басшысы сотталды Фото: depositphotos.com

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына пара берген компания директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына пара берген компания директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "№2 және №5 нан базасы" "Астық қоймалары" ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіпов М. 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Ол мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына аса ірі мөлшерде дәнді дақылдарды жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін 350 мың АҚШ доллары сомасында пара беру бойынша күдіктенді.

Осы үкіммен пара беруге итермелегені және алаяқтыққа оқталғаны үшін И. Барабаш пен Т. Демесинов әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, Қостанай қаласы № 2 сотының үкімімен Қостанай адвокаттар алқасының адвокаты О.В. Бранцевке қатысты үкім жарияланды", - делінген хабарламада.

Ол алаяқтық пен пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

"О.В. Бранцев құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін пара беру сылтауымен өзінің қорғаушысы А.К. Сансызбаевтың 600 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын заңсыз иемденген. Оған параның 20 еселенген сомасы 12 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалып, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды".

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети