Антикор астаналық салық қызметкерінің үйінен 129 миллион теңге тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор астаналық салық қызметкерінің үйінен 129 миллион теңге тапты Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру департаментінің ҚҚС аудиті бөлімі басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде 130 миллион теңгеге жуық ақша табылған, оның заңдылығы анықталып жатыр.

"Ол кәсіпкерлік субъектісінен 36 милллион теңге сомасында ҚҚС-ны қайтару туралы оң шешім қабылдағаны үшін 3,6 миллион теңге көлемінде пара алған. Тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында 129,4 миллион теңге тәркіленді. Заңдылық және олардың шығу тегінің негізділігі тексеріліп жатыр. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Биғайдаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети