Антикор басшысы "Қазақтелеком" кеңселерінде тінту жүріп жатқанын растады

viewings icon 550

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы мен астанадағы "Қазақтелеком" кеңселерінде тінту жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы мен астанадағы "Қазақтелеком" кеңселерінде тінту жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Олжас Бектенов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Бектенов "Қазақтелеком" компаниясының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев қылмыстық іс бойынша тек куәгер ретінде өтіп жатқанын атап өтті.

"Әрине, тергеу жүріп жатқандықтан, тінту шараларын, соның ішінде "Қазақтелекомда" жүргізу қажет. Олар Алматыда да, астанада да өткізіледі. Қуанышбек Есекеев - қазіргі басшы әзірге іс бойынша бізде өтпейді. Куәгер ретінде жауап алынды", - деді Бектенов.

Еске салайық, кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
14°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю