Антикор Екібастұздағы апатты сыбайлас жемқорлықпен байланыстырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор Екібастұздағы апатты сыбайлас жемқорлықпен байланыстырды Фото: үкіметтің баспасөз қызметі

Екібастұзда жылумен жабдықтауға қатысты төтенше жағдай негізінен саладағы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа байланысты болды. Бұл туралы Антикордың Алдын алу қызметі басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жылумен жабдықтауға қатысты төтенше жағдай негізінен саладағы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа байланысты болды. Бұл туралы Антикордың Алдын алу қызметі басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, басқа қазақстандық кәсіпорындар жұмысында да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалады. Олар Семей, Тараз және Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Көбінесе жемқор шенеуніктер ақылы түрде коммерциялық нысандарды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосқан, бұл бүкіл жүйеге әсер етеді.

"Мәселен, Семей қаласында "Жылукоммунэнерго" коммуналдық кәсіпорнының қарыздарын жабуға және жылумен қамту нысандарын ұстауға мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаржы бөлінеді, бірақ бұл оң нәтиже бермей отыр. Сыйақыға кәсіпорын директорлары жеке және заңды тұлғаларға осы орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық жағдай жасайды. Нәтижесінде қуат төмендейді, жылу шығыны артады. Соның салдары – көпқабатты үйлердегі суық және ыстық судың жоқтығы. Бұл әр өңірде байқалады", - дейді Саян Ахметжанов.

Еске салайық, қарашаның аяғында жылу электр орталығындағы бірнеше қазандық қондырғысының тоқтап қалуынан Екібастұз қаласы түгел дерлік жылусыз және ыстық сусыз қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети