Антикор Хаменованың соттағы мәлімдемесіне пікір білдірді

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор Хаменованың соттағы  мәлімдемесіне пікір білдірді Фото © azh.kz

Әлеуметтік желіде сотталушы Бақытгүл Хаменованың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан оны негізсіз қудалау туралы мәлімдемесі бар ақпарат таратылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде сотталушы Бақытгүл Хаменованың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан оны негізсіз қудалау туралы мәлімдемесі бар ақпарат таратылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Былтыр желтоқсанда Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және міндеттемелерді орындау барысында жалпы қамқорлығы үшін "Балқыту" ЖШС директоры У.Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,5 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін әшкереленгенін мәлімдейміз", - делінген хабарламада.

Оның әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ, күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады.

Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды. Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Еске салайық, Хаменова өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ол Рысқалиевтің өз жазасын жеңілдету үшін оны бұл іске тартып отырғанын айтты.

Айыпталушы Рысқалиев жазбасындағы 4, 500 000 мың теңге деген сөзін түсінбегенін айтады.

"Мен түсінбедім" деп жаздым. Ол "Алтын Орданың ақшасы" деп жауап берді. Мен бұл жерде оны демеушіліктің ақшасы  деп түсіндім. Ол бұл адамның заңсыз сыйақысы немесе ақшасы деп айтқан жоқ. Егер ол сол сәтте пара деп айтқанында, мен оған бұл заңсыз әрекетті жасауға жол бермейтін едім. Бұл демеушілік ақша деп ойлап, мен Жәнібек Аманиязовқа 2 500 000 теңге беруді өтіндім, ол "Алтын Орда" іс-шарасын ұйымдастырғаны үшін Сарайшық ауылының әкіміне тапсыруы тиіс еді, ал қалған 2 000 000 теңгені Рысқалиевке асықпай қалдыруды айттым. Бұл жерде мен бұл ақшаны іс-шараны өткізу кезінде біз қарыз болған "Асыл өлке" қоғамдық бірлестігіне беру керегін ашып айтпадым. Жіберген қатем осы еді", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети