28 маусым 2022 15:31

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады

© Антикор

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізді. Топ кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің басшылығына бермек болған парасын талап еткен.

"25 маусымда осы адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы - "ТТ" және Smith&Wesson маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді. Ведомство мәліметінше, қорытынды шешім сотта анықталады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram