Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады 28 маусым 2022, 15:31

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© Антикор © Антикор

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізді. Топ кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің басшылығына бермек болған парасын талап еткен.

"25 маусымда осы адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы - "ТТ" және Smith&Wesson маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді. Ведомство мәліметінше, қорытынды шешім сотта анықталады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram