Антикор қызметкерлерін қуған патрульдік полиция экипажы Қарағанды облысындағы қызметінен босатылды. Полицейлердің бірі бейнеүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Антикор қызметкерлерін қуған патрульдік полиция экипажы Қарағанды облысындағы қызметінен босатылды. Полицейлердің бірі бейнеүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода полицей өзін Жаңабек Жұмабекпін дейді. Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап Жаңаарқа ауданының полиция бөлімінде жұмыс істейді. Полицейдің сөзінше, Антикор қызметкерін қуғанна кейін ол қызметінен босатылған.
"29 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына ұшырады, кейін оқиға орнынан қашып кетті. Оны тоқтатқан кезде алкоголь деңгейін өлшейтін құрылғыға үрлеуден бас тартты. Қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, қызметкерлерді қорқытуға тырысты, оларға былапыт сөз айтты. Бұл видеоға жазылған. Осыдан кейін ол қан тапсырды, орташа мас екені анықталды. Бірақ осыған қарамастан, басшылық бізден хаттама жасамауды және номенклатуралық іске жазбауды талап етті. Олардың бірі - ұсталған адамның құдасы. Біз болған оқиғаны жасырмадық, оны жоғары басшылыққа жеткіздік. Осыдан кейін мені және менің серіктесімді қызметтен заңсыз босатты", - дейді полиция қызметкері өзінің видеоүндеуінде.
Сондай-ақ, полицей Антикор қызметкеріне қатысты әлі күнге дейін ешқандай шара қолданылмағанын мәлімдеді. Ол жағдайды анықтап, әділет орнатуды сұрады. Сонымен қатар, полиция қызметкері бұған дейін ешқандай тәртіптік жазаға тартылмағанын және адал жұмыс істеп келгенін айтты.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейдің видеоүндеуіне түсінік берді. Ведомство өкілдері атқарып отырған лауазымынан босауы оның жұмыстан шыққаны емес екенін атап өтті.
"Жаңаарқа ауданының полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Оған әкімшілік іс жүргізу бойынша қызметтік материалдар мен дәлелдемелер түсірілген бейнеожетон жазбасын таратқаны, нормативтік емес лексика қолданғаны және мемлекеттік қызметшінің этикасын бұзғаны себеп болды. Тергеу нәтижелері бойынша патрульдік полиция экипажы тәртіптік жазаға тартылып, атқарып отырған лауазымынан босатылды. Бұл қызметкерлерден басқа, олардың тікелей басшылары да лауазымдарынан босатылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілер полицей артынан қуған 38 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік материал сотқа жіберілгенін қосты.
Еске салайық, оқиға Жаңаарқа ауданында болған. Видео авторлары жасырынып қалуға тырысқан көлікте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жезқазғандық қызметкері мас болғанын айтып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!