Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктеріне қатысты іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктеріне қатысты іс қозғады Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Антикор мемлекеттік кәсіпорынның ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығару дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор мемлекеттік кәсіпорынның ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығару дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның төрт жоғары оқу орны - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті сауда-саттыққа шығарылған. ЖОО-дағы қатысу үлестерін сату туралы шешімді Қаржы министрлігі шығарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети