Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорт саласындағы "өлі жандарды" қосарланған қаржыландырудың жүйелі деректерін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет спорт саласындағы "өлі жандарды" қосарланған қаржыландырудың жүйелі деректерін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, талдау нәтижелері мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына, сондай-ақ элиталық спорт пен бұқаралық спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік тудыратын бірқатар факторларды анықтады.
"2023 жылы жоғары жетістікті спортты қаржыландыру бұқаралық спортқа қарағанда 9 есе көп болды. Агенттік "өлі жандарға" қосарланған қаржыландыруды есептеудің, туристік фирмалардың қызметтерін нақты бағадан жоғары бағамен сатып алудың, жоғары спорттық білім беру бойынша дипломдарды қолдан жасаудың жүйелі деректерін анықтады", - деп хабарлады Антикор ресми өкілі.
Сондай-ақ, Данияр Биғайдаровтың баяндамасынан тіркелмеген спорт түрлеріне қаржыландыру жалғасып жатқаны белгілі болды.
"Бұл тәсіл олимпиадалық емес, кең таралмаған спорт түрлерін дамытуға итермелейді, мұнда жеңіске жету оңайырақ. Спорт нысандары мемлекетке тиімсіз шарттармен сатылып, беріледі, содан кейін дәл осы нысандар жаңа иелерінен жалға алынады", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!