Антикор Сұлтанбеков пен Арданды экстрадициялау туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор Сұлтанбеков пен Арданды экстрадициялау туралы айтты Талғат Ардан, Қанат Сұлтанбеков. Сурет: alrt.kz, strategy2050.kz

Антикор Астананың экс-әкімі Қанат Сұлтанбеков пен LRT ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздеу және экстрадициялау туралы сауалға жауап берді. Бұған дейін екеуі де елордадағы жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыруға қатысты атышулы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сырттай сотталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор Астананың экс-әкімі Қанат Сұлтанбеков пен LRT ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздеу және экстрадициялау туралы сауалға жауап берді. Бұған дейін екеуі де елордадағы жеңіл рельсті көлік жобасын жүзеге асыруға қатысты атышулы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сырттай сотталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, қабылданған шаралар нәтижесінде Сұлтанбековтың АҚШ-та екені анықталған.

"Сонымен қатар, АҚШ заңнамасына сәйкес, Интерполдың қызыл бюллетенінің болуы (экстрадициялау мақсатында адамды іздеу және қамауға алу туралы халықаралық хабарлама – еск.) қатысы бар адамды ұстауға және оны Қазақстанға экстрадициялауға негіз болып табылмайды", - деп хабарлады агенттік.

Тағы бір сотталушы - Талғат Арданның мекенжайы мен экстрадициясына қатысты Антикор былай хабарлады:

"Іздеудегі Арданға қатысты, оның ішінде ҚР Бас прокуратурасы мен Интерпол Ұлттық бюросының шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастығы аясында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - делінген жауапта.

Бұл ретте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталы мәліметінше, Талғат Ардан бес жылдай іздеуде жүр. Қанат Сұлтанбеков тергеуден төрт жылдан аса уақыт бұрын қашып кеткен.

Еске салайық, биыл мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім шыққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети