Антикоррупциялық қызмет Астана әуежайының басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикоррупциялық қызмет Астана әуежайының басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр Астана әуежайы. © astana.kz

Антикоррупциялық қызмет Астана әуежайының басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикоррупциялық қызмет Астана әуежайының басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметінше, қызметтік өкілін теріс пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

"Астананың антикоррупциялық қызметі "Астана халықаралық әуежайы" АҚ басшылығына қатысты Көкшетау әуежайының қажеттілігіне апаттық-құтқару жабдықтары мен дизель генераторын жеткізу бойынша сатып алу процедураларын өткізбеу жолы бойынша қызметтік өкілін теріс пайдалану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта.

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астана әуежайына қатысты жағдайға байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, министрлік тарапынан елордалық әуежайға қатысты тексеріс жүргізілмеген. "Біздің тарапымыздан тексеріс болған жоқ. Желіде басшылығына қатысты мәселе талқыланып жатыр, мұны біз білеміз. Басшылығын ауыстыру бойынша жоспарымыз жоқ", - деп мәлімдеді министр.

Ал осыған дейін блогер Денис Кривошеев елорда әуежайының басшысы Қазақстаннан кетіп қалды деген мәліметті жариялаған болатын. Кривошеевтің айтуынша, Паоло Ричиотти тергеліп жатуы мүмкін. Елордалық әуежайдың баспасөз қызметіндегілер Ричиоттилің қысқамерзімді еңбек демалысында болғанын хабарлаған. 21 қазандаәуежай басшысы Қазақстанға оралған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети