Антикоррупциялық қызмет Сирияға ұшақтар сатылды деген мәліметті тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикоррупциялық қызмет Сирияға ұшақтар сатылды деген мәліметті тексереді © avia.pro

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Airbus ұшақтарының Сирияға сатылғалы жатқаны туралы мәліметті тексеруге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Airbus ұшақтарының Сирияға сатылғалы жатқаны туралы мәліметті тексеруге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

БАҚ бетінде Қазақстанда тіркелген Airbus ұшақтары Сирияға сатылатыны туралы ақпарат талқыланып жатыр. 

"Материалдарды зерттей келе Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе кемелерін тіркеуге алу мен тіркеуден шығару кезінде әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңды өрескел бұзғаны анықталды", - делінген баспасөз баянында. 

2017 жылдың 25 ақпанында аталған деректер бойынша материалдарды Бас көлік прокуратурасы тіркеуге алып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына тексеруге берілгені хабарланды. 

Мұның алдында БАҚ-та 2016 жылдың 30 желтоқсанында Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жеке тұлғаның өтінішімен екі Airbus A340 ұшағын тіркеуге алғанын хабарланған. Бұл ұшақтар Араб Әмірліктерінде тіркелген шетелдік әуе компаниясына тиесілі. БАҚ мәліметі бойынша, бұл ұшақтар Қазақстанға ешқашан ұшып келмеген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети