12 желтоқсан 2019 | 15:46

Антикоррупция өкілдері ең көп таралған пара түрлерін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері ең көп таралған пара түрлерін атады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері ең көп таралған пара түрлерін атады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік қызметкер имиджі

Қазіргі мемлекеттік қызмет үшін имидж негізгі функционалдық және статустық мәнге ие. Имидж елдің басқару қызметінің тиімділігін бағалаудың өлшемі, халықтың сенім деңгейінің көрсеткіші. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мемлекеттік қызметкердің мінез-құлқының, қадір-қасиетінің негізгі белгілері - жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, әділдік, адалдық, парасаттылық, белсенді өмірлік ұстаным.

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруі және алуына қатысты қандай жауапкершілікке тартылады?

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық нормалары мен шектеулері заңмен бекітілген.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 12-бабына сәйкес қызметтік өкілеттікті орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу деп бағаланады. Осы іс-әрекет "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің баптары бойынша жауапкершілікке әкеп соғады (676-бап - жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi, 677-бап - мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы).

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кез келген нысанда сыйлықтар ұсынуға тыйым салынады. Егер сыйлықтың құны 2 АЕК (5 050 теңге)төмен болса, сыйлық ұсынушыға 200 АЕК (505 000 теңге)мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Сыйлық қабылдаушыға - 600 АЕК (1,5 миллион теңгеден астам) айыппұл көзделген. Ал, бұл сомадан жоғары көрсеткіштердің бәрі пара деп саналып, қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруы тиіс, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуі тиiс.

Бұл үшін жергелікті жердегі мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жүгінуі қажет.

Енді, биыл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676-677-баптарына сәйкес қагша әкімшілік айыппұл салынды, олардың көлемі қандай, арнаулы мемлекеттiк қорға тапсырылған сыйлықтар құны қандай және мемлекеттік қызметшілерге қандай ерекше сыйлықтар беріледі соған тоқталып өтсек.
2019 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676-677-баптарына сәйкес, 27 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған, жалпы айыппұл сомасы 1 038 6200 теңге.

Арнаулы мемлекеттік қорға өткізілген мүлік (сыйлық) бағаланып, аукционға қойылады немесе өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды тұлғаның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы.
Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады.
2019 жылы мемлекеттік қызметшілермен арнаулы мемлекеттік қорға өткізілген сыйлықтардың бағасы 683212 теңгені құраған.

"Ең көп таралған сыйлықтар" тізімі

"Ең көп таралған сыйлықтар" тізімін косметикалық сыйлық жиынтықтары, азық-түлік өнімдері бастайды. Биылғы жылы сыйлықтар арасында музыкалық аспап (домбыра), тұмарлар, ерлер шарфы, Adidas фирмасының спорттық костюмі, Tissot қол сағаты, Delphi корнишондарымен қапталған зәйтүн, элиталық алкоголь және пижама болды.
"Назар аударудың" немесе "алғыстың" кең таралған түрлері - ұялы телефон балансын толтыру, 1000-2000 теңге номиналымен ақшалай қаражат түрінде материалдық сыйақы беру.

Азаматтардың мемлекеттік қызметшілеріне "алғыс білдірудің" жекелеген мысалдары:
Ақмола облысында 1 азамат "Қазпошта" АҚ пошта байланысы арқылы Көкшетау қалалық сотына неке бұзу туралы істі қарауды жеделдету туралы өтінішпен хат салынған конвертті және номиналы 2 000 теңге ақша купюрасын Көкшетау қалалық сотына жолдап, ол үшін 353 500 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған; Ақтөбе, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында пробация қызметінің инспекторларына ұялы телефон балансын толтыру және ақша купюраларын беру арқылы заңсыз материалдық сыйақы беру үшін пробациялық бақылауда тұрған 14 азамат жалпы сомасы 5 858 000 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық мониторинг

Мемлекеттік қызметшілердің заңды бұзып сыйлықтарды алу фактілерін анықтау бойынша қоғамдық мониторингтер басталған. 

Егер сыйлық ерікті түрде тапсырылатын болса, онда беруші мен алушыға ешқандай шара қолданылмайды.
Шындығына келсек, мемлекеттік қызметшілерге 2 мың теңге немесе кәмпит қорабын ұсынып, 200 есе артық айыппұл төлеуге тура келетін мәнсіз "алғыстар" қайда әкелуі мүмкін деп ойлану өте маңызды.

Бүгін, алдағы мерекелер қарсаңында барлық мемлекеттік қызметшілерге бағыныштылардан және басқа да адамдардан сыйлықтар, қызметтер алу, бұл - әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы өрескел бұзу екенін есте сақтаған жөн. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети