14 тамыз 2018 15:57

Антиресейлік санкция бойынша АҚШ Қазақстанның мүддесіне тиіспеуге кепіл берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов АҚШ-тың антиресейлік санкциясы еліміздің мүддесіне кедергі келтірмеуі керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов АҚШ-тың антиресейлік санкциясы еліміздің мүддесіне кедергі келтірмеуі керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен америкалық әріптесіммен жасалып жатқан санкциялар, еліміздің экономикалық мүддемізге кері әсері тимеуі керектігі жайлы әңгіме қозғаған болатынбыз. Олардың бұл мәселе жайлы түсінігі өте жақсы. Әкімшілік санкцияны өңдеген күннің өзінде де олар Қазақстанның мүддесіне тиіспеуі туралы кепіл берді", - деді министр. 

"Екінші жағынан, біз Ресей үкіметінің экономикалық блогымен жақсы қарым-қатынастамыз, бұл Ресейге қалай әсер ететінін және қалай Қазақстанның мүдделерін қорғап қалатындай жасауға болатыны жайлы талқыладық", - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрі теңге бағамының жағдайына байланысты үкіметте бюджеттік бағдарламалар жасауына ешқандай қауіп көріп тұрмағанын мәлімдеді. 

"Қазіргі уақытта күзде бөлінетін бюджеттің нақтылауы жүріп жатыр, ол макроэкономикалық факторларға байланысты ғана емес, сондай-ақ, бюджеттің орындалуына, тұтастай алғанда экономиканы дамытуға да байланысты. Әзірше тек біз экономика қандай бағытта келе жатқанына, мемлекеттік бағдарлама қалай орындалып жатқанынына баға бере аламыз. Осы дәйектерге сүйене отырып қана біз болашаққа болжам жасап, тағы да бір рет сұраудың қажеті бар ма, жоқ па - көреміз. Бағамның бір өзгерісінен кейін бюджетті айқындау жеткіліксіз", - деді Тимур Сүлейменов. 

"Келесі үш жылдыққа - 2019-2021 жылдың бюджетіне сараптама жасап жатырмыз. Алайда ол тек АҚШ-тың ақша-кредит саясатына байланысты болғандықтан, санкция көршілес елдердің экономикасына қалай әсер ететініне байланысты нақты бір болжам жасап шығару қиын", - деді қаржы министрі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети