Антисептик орнына су құйып қойған: Алматыда санитарлық талаптарды өрескел бұзған дәмхана анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антисептик орнына су құйып қойған: Алматыда санитарлық талаптарды өрескел бұзған дәмхана анықталды "Алматы" телеарнасының кадры

Алматыда санитарлық талаптарды өрескел бұзған дәмхана анықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда санитарлық талаптарды өрескел бұзған дәмхана анықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна мәліметінше, кезекті рет тексеруге шыққан Бостандық ауданының бақылау тобы жұмысын дәмханалардан бастады.

Антисептиктің орнына су құйғанынан бөлек, бұл дәмханада клиенттердің дене қызуын өлшейтін тепловизорды тек тексеруші топ кіріп келгенде ғана қолданыла бастады. Температура көрсеткішін тізетін журнал да болмай шықты. 

"Біріншіден, сол нысанның басшысы лауазымды адамды бұйрық бойынша бекітпейді. Сол адам жауап беруі керек қой  сол нысанға. Сосын маска көп жерлерде жеткіліксіз. Антисептиктің орнына бос құтыны пайдаланып, су құйып қояды. Сосын көп жерлерде тепловизор болғанымен, ешкімді өлшемейді", – деді Бостандық ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Сәуле Алпамышева.

Сондай-ақ, телеарна мәліметінше, санитар мамандар кеше Медеу ауданындағы бірнеше кәсіпкерлік субьектілерін тексерді. Нәтижесінде 1 дәмхана жұмысын тоқтатып, азық-түлік дүкендеріне ескерту жасалды. Мұнда арақашықтықты сақтайтын сызықтар сызылмаған. Санитарлық нормаларға немқұрайлы қарағандардың ісі сотқа жіберіледі.
  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети