17 ақпан 2021 10:00

Антисептиктен улану оқиғасы: Павлодарда балалар интернаты директоры қызметтен кетті

Фото:elements.envato.com

Павлодарда "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық" басшысы қызметіне конкурс жарияланды. Орталық директоры жасөспірімдер антисептиктен уланған оқиғадан кейін қазметтен кеткен. Бұл туралы өңірлік білім басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2021 жылғы 12 ақпанда "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық" басшысы Николай Қожахметов өз еркімен қызметтен кетті. Директор қызметіне конкурс жарияланады. Жаңа қызметкерлерді қабылдадық, тек күзетші орны бос тұр", - деп нақтылады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Павлодар арнайы орталығында үш тәрбиеленуші антисептиктен уланған. Олар 2021 жылы 1 қаңтарда кешке 2,5 стақан сумен сұйылтылған антисептик-МД-1 ішкені хабарланған еді. Улану белгілері таңертең пайда болған. Алайда уланған қыздар ауруханаға тек 2 қаңтарда кешке жеткізілген. Нәтижесінде 17 жастағы қыз қайтыс болды, 16 жастағы тағы екі жеткіншек ауыруханада ем алды. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Павлодарда Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылып, олардың бір бөлігі жұмыстан шығарылды. Отставкаға кету туралы өтінішті арнайы орталық директоры да жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram