04 ақпан 2021 17:03

Павлодарда балалардың антисептиктен улануы: орталық қызметкерлері жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Павлодарда қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталықтың қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылып, қызметкерлердің бір бөлігі жұмыстан шығарылды. Отставкаға кету туралы өтінішті орталық директоры берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталықтың қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылып, қызметкерлердің бір бөлігі жұмыстан шығарылды. Отставкаға кету туралы өтінішті орталық директоры берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлімдеді.

Өңірдегі бас педагогтың айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін орталыққа ҚР Білім және ғылым министрлігінен арнайы комиссия өкілдері келген.

"Кәмелетке толмаған баланың қаза болу дерегі бойынша тәртіптік жазалау шаралары қабылданды. Орталық басшысының орынбасары, тәрбиеші және медбике қатаң сөгіс алды. Жеке өтініш негізінде медбике, тәрбиешінің екі көмекшісі, күзетші жұмыстан босатылды. Сондай-ақ, отставкаға кету туралы өтінішті орталықтың директоры да жазды", - деп хабарлады Дінислам Болатханұлы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта білім басқармасы тексеру жүргізіп жатыр.

"Қызметтік тергеу жүріп жатыр. Осы мекемені қадағалайтын мемлекеттік қызметкерлер тиісті жазаға тартылады. Қазір біз қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шықанын күтеміз, содан кейін қажетті шара қабылданады", - деді облыстың бас педагогі.

Сонымен қатар, ол орталық тәрбиеленушілері өз-өзіне қол жұмсауға тырыспағанын айтты.

"Бастапқыда қылмыстық іс екі бап бойынша тергеуге жіберілді, оның ішінде өзін-өзі өлтіру бабы бар. Бірақ бүгінде сотқа дейінгі тергеу 371-баптың 2-бөлігі ("Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлық") бойынша жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Дінислам Болатханұлы.

Білім басқармасы мәліметінше, қайтыс болған оқушының қамқоршысын ата-ана құқығынан айырған. Зардап шеккен тағы екі бала өткен жылғы қазаннан бері орталық тәрбиесінде болған.

Айта кетейік, Павлодарда балаларға арналған арнайы орталықтың үш тәрбиеленушісі антисептиктен уланған болатын. Нәтижесінде 17 жастағы қыз қайтыс болған, тағы екі 16 жастағы бала құтқарылған. Оқиғаны полиция тексеріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети