Антитеррористік жаттығулардың өтуіне байланысты алматылықтардан дүрлікпеу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі терроризммен күрес жөніндегі қалалық штабқа сілтеме жасап.
Антитеррористік жаттығулардың өтуіне байланысты алматылықтардан дүрлікпеу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі терроризммен күрес жөніндегі қалалық штабқа сілтеме жасап.
Биыл 4 тамызда алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі штаб "Универсиада-2017" нысандарының негізінде "Тамыз-Антитеррор-2016" жоспарлы антитеррористік шаралары өткізіліп жатыр.
"Жаттығулардың мақсаты - террористік қатер пайда болған жағдайлардағы әрекет ету машықтарын келтіру. "Тамыз-Антитеррор-2016" жаттығу шарасын өткізу аясында жеке құрам мен арнайы техниканың айтарлықтай мөлшері жұмылдырылады", - делінген таралған хабарламада.
Штаб өкілдері осыған байланысты Алматы тұрғындары мен қонақтарын дүрлікпей, түсіністік танытуға шақырып отыр.